Зақымдалған аймақ

lat: Zaqymdalǵan aımaq

әскери. а) Оқ-дәрі жарылысы орталығының айналасындағы кеңістік.

Зақымдалған аймақ анық зақымдалу аймағы (оның аумағында нысананың жойылуы нақты факт болып табылады) және ықтимал зақымдалу аймағы (оның аймағында нысананың жойылуы кездейсоқ оқиға болып шығады) болып бөлінеді.

ә) Зениттік ракеталық кешеннің зақымдау аймағы және оның айналасындағы кеңістік.

Зақымдалған аймақта әуе нысаналарын тапсырылған ықтималдықпен зақымдау қамтамасыз етіледі (Қаз. тілі термин. Әскери.).